09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Де Брюйне XXI ғасырдағы ассисттер саны бойынша Суареспен теңесті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Де Брюйне XXI ғасырдағы ассисттер саны бойынша Суареспен теңесті

Брюссельдегі іріктеу матчының 6-турында Бельгия Қазақстанды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Құраманың көшбасшысы Кевин Де Брюйне дубль жасап, бір нәтижелі пас берді.

Гол соққан ойыншылар: Де Брюйне (42′, 84′), Джереми Доку (44′, 60′), Николас Раскин (51′) және Томас Мёнье (87′).

Осы ойындағы ассистінің арқасында Де Брюйне XXI ғасырдағы нәтижелі пас саны бойынша уругвайлық Луис Суареспен теңесті — екеуінде де енді 291-ден. Тізімде олардан жоғары тек серб Душан Тадич (292) пен аргентиналық Лионель Месси (389) тұр. Бұл деректерді Noite de Copa жариялады.

Айта кетейік, жазда Де Брюйне «Манчестер Ситиден» «Наполиге» ауысқанын ресми түрде растаған болатын.