27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дайо Упамекано маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Бавария» қорғаушысы ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа қатардан шықты.

Bild басылымының мәліметінше, футболшының тізе жарақаты күтілгеннен әлдеқайда ауыр болып шыққан. Алғашында бірнеше аптаға қалпына келеді деп болжанғанымен, енді оның кемі үш айға алаңнан тыс қалатыны белгілі болды.

Упамеканоға жақында ота жасалып, нақты қанша уақыттан кейін қайта оралатыны кейін анықталады.

Бұған дейін «Баварияның» тағы бір негізгі қорғаушысы Альфонсо Дэвис крест байламын үзіп, жарты жылдай жасыл алаңға шықпайтыны хабарланған еді.

Мюнхендік клуб үшін маусымның шешуші кезеңінде негізгі ойыншылардың жарақат алуы үлкен қиындық туғызатыны анық.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!