Оқу уақыты: 1 мин

Даяна Федосова — Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Даяна Федосова — Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Парадзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі, Париж Паралимпиадасының жүлдегері Даяна Федосова кезекті ірі жарыста ел намысын абыроймен қорғады.

60 келіге дейінгі салмақта (J2 санаты) күрескен отандасымыз Әлем чемпионатында қола медаль үшін өткен белдесуде бразилиялық Мария Дос Сантос Линсты сенімді түрде жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Бұл нәтиже — Федосованың тұрақты жоғары деңгейдегі өнерін тағы бір дәлелдеген жетістік. Ол Қазақстан парадзюдосының алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі ретінде әлемдік аренада өз орнын нықтап келеді.