Оқу уақыты: 1 мин

Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды

Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды – Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері.

Давид Григорьевичке жаңа қызметінде сәттілік пен табыс тілейміз!