10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Давид Годю «Тур Оман» жарысының үшінші кезеңінде жеңіске жетті

Веложарыстың ресми сайтының хабарлауынша, дүйсенбі күні «Тур Оман» көпкүндігінің үшінші кезеңі аяқталып, француз велошабандозы Давид Годю (Groupama-FDJ) жеңімпаз атанды.

Фанджадан Шығыс Тауына дейінгі 180,8 шақырымдық кезеңде Годю 4 сағат 16 минут 10 секунд көрсеткішпен мәреге бірінші болып жетті. Одан небәрі 1 секунд кейін британдық Адам Йейтс (UAE Team Emirates-XRG) келсе, австралиялық Дамьен Хоусон (Q36.5 Pro Cycling Team) үздік үштікті 5 секунд айырмашылықпен түйіндеді.

«Астана» командасының велошабандоздары да жақсы нәтиже көрсетті: Диего Улисси мен Ваут Пулс сәйкесінше 8-ші және 10-шы орындарды иеленді (+23 секунд).

Қазақстандық команданың басқа өкілдерінің нәтижелері:

  • Хенок Мулубрхан — 21-ші орын (+49 сек)
  • Антон Чармиг — 44-ші орын (+2:25)
  • Николас Винокуров — 63-ші орын (+5:35)
  • Давиде Тонеатти — 71-ші орын (+7:15)
  • Макс Кантер — 106-шы орын (+9:53)

Жалпы есепте Давид Годю 13 сағат 28 минут 26 секунд нәтижемен көш бастап тұр. Одан 6 секунд артта Адам Йейтс келе жатса, Дамьен Хоусон 12 секунд айырмашылықпен үшінші орында. «Астана» велошабандоздары Улисси мен Пулс жалпы жіктемеде 8-ші және 9-шы орындарды иеленуде.