09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Давид Энен «Тобылдан» кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Давид Энен «Тобылдан» кетті

Тоголездік шабуылшы Давид Энен мен «Тобыл» клубы өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтатты. Бұл туралы Қостанай клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Энен «Тобыл» сапында өткізген уақытында барлық турнирлерде 32 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Ол «Тобылмен» бірге Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.