05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Даурен Нұрғожин Қазақстан ұлттық футзал құрамасына қайта оралды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы әрі ұлттық құраманың бапкері Даурен Нұрғожин қызметіне қайта кірісті.

«Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін Дәурен Маратұлы денсаулығына байланысты ұлттық құрамада 3 айдай уақыт болмады», — деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметі.

Нұрғожин — Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол мансабында «Тұлпар» мен «Қайрат» клубтарында ойнады. «Тұлпар» сапында 42 ойында 13 гол соқса, «Қайрат» құрамында 193 кездесуде 36 голдың авторы атанды. Қазақстан құрамасының жейдесінде 75 матч өткізіп, 18 рет көзге түсті.

Қазақстан құрамасы 7 наурызда Астанада Албаниямен, ал 12 наурызда Ереванда Армениямен кездеседі. Бұл ойындар Еуро-2026 іріктеу кезеңінің соңғы матчтары болмақ.