18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дастанның голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Дастанның голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Кеше, Қазақстан Премьер-лигасында жиырма бесінші турдың алғашқы ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады. Нәтижесінде алматылық ұжым минималды есеппен жеңіске жетті.

«Қызылжар» — «Қайрат» – 0:1 (0:1)

Голдар: Дастан Сәтпаев, 43 (0:1).

19 қазанда «Астана» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Астаналықтар жеңіске жете алмаса, «Қайрат» чемпион атанады.