20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дастан Сәтпаев ұлттық құрама тарихында рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Кюрасаоға қарсы матчта Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты.

Осылайша, ол ұлттық құрама тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Дастанның жасы – 16 жыл, 7 ай, 8 күн.

Бұған дейін бұл рекорд Жамбыл Көкеевке тиесілі болған. Ол 2006 жылдың 14 ақпанында Иорданияға қарсы өткен ойында 17 жас, 4 ай, 25 күнінде дебют жасаған еді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!