Оқу уақыты: 1 мин

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының рекордын жаңартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының рекордын жаңартты

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уэльспен кездесіп, матч 1:3 есебімен аяқталды. Бұл ойында жас талант Дастан Сәтпаев тарихи жетістікке қол жеткізді.

Ол ұлттық құрама сапындағы дебютін 16 жас 7 айында жасап, Қазақстан құрамасындағы ең жас ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд Жамбыл Көкеевке тиесілі болатын – ол алғаш рет 17 жас 4 айында ұлттық команда жейдесін киген.

Жас футболшының бұл жетістігі оның болашағынан үлкен үміт күттіреді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!