07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дархан Бердібек маусым соңына дейін «Жеңіс» сапында ойнайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дархан Бердібек маусым соңына дейін «Жеңіс» сапында ойнайды

«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Дархан Бердібек 2025 жылғы маусымның соңына дейін «Жеңіс» командасына жалға берілді. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бердібек өткен маусымда «Ақтөбеге» қосылып, негізгі құрамда бес матч өткізіп, екі голмен көзге түсті.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 32 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал «Жеңіс» 16 турдан кейін 17 ұпай жинап, сегізінші сатыда орналасқан.

Жас ойыншының келуі елордалық клубтың шабуыл шебін күшейтуі мүмкін.