19.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

DAR Team бапкері Алмабаевтың Катардағы айқасқа көңіл-күйін бөлісті

DAR Team бапкері Алмабаевтың Катардағы айқасқа көңіл-күйін бөлісті

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров өзінің шәкірті Асу Алмабаевтың Алекс Перезге қарсы жекпе-жекке дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл айқас 22 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінің негізгі кардын ашады.

Базровтың айтуынша, Алмабаев өзін жақсы сезініп жатыр, дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. «Асу бабында. Катарға келгелі толық акклиматизациядан өттік. Мақсат – тек жеңіс. Егер Асу жеңсе, титулдық айқасқа мүмкіндік алуымыз әбден мүмкін. Амбициямыз үлкен. Лагерьде ешқандай қиындық болған жоқ, жұмысты өте жақсы атқардық. Тек бір-екі сызат бар, бірақ ол ештеңеге әсер етпейді», — деді ол.

Айта кетейік, Асу Алмабаев биыл UFC-дегі алғашқы жеңілісіне Манел Капеден ұтылғаннан кейін тоқтау қойған болатын. Кейін ол Хосе Очоаны ұпаймен жеңіп, қайта жолға түсті. Қазір қазақстандық файтер найлегчай салмақ рейтингінде сегізінші орында тұр.