28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Даня Милохиннің All Stars Boxing 4 турниріндегі жаңа қарсыласы белгілі болды

Даня Милохиннің All Stars Boxing 4 турниріндегі жаңа қарсыласы белгілі болды

6 маусымда Алматыда All Stars Boxing 4 турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирдің басты оқиғасында «Мотиватор» лақап атымен танымал Әнуарбек Бекембетов пен Мұхит Амантаев кездеседі.

Белгілі блогер және әнші Дани Милохин де атаулы кеште өнер көрсетеді. Оның жаңа қарсыласы грэпплингтен Ресей чемпионы және ММА-дан Дағыстан чемпионы Байрам «Байра» Кахруманов болады.

Айта кетейік, Милохиннің алғашқы қарсыласы Сигма лақап атымен қырғызстандық блогер Аргон Керимовпен болуы керек еді. Алайда, қырғызстандық блогер жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартты.

AllStarsBoxing 4 турнирі 6 маусым күні Алматы қаласындағы Алматы Арена спорт кешенінде өтеді. Билеттерді zakazbiletov сайтынан алуға болады.