09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дания С тобының көшін бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дания С тобының көшін бастады

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің 2-турында Пирейдегі «Георгиос Караискакис» стадионында Дания құрамасы Грецияны 3:0 есебімен жеңді.
Гол соққандар: Миккель Дамсгор (32′), Андреас Кристенсен (62′) және Расмус Хойлунд (81′).

Екі турдан кейін Дания 4 ұпаймен С тобының көшін бастады. Греция 3 ұпаймен үшінші орында тұр. Келесі ойындар 9 қазанда өтеді: гректер Шотландиямен сырт алаңда, даниялықтар Беларусьпен кездеседі.