02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Данилина Уимблдон жарысын жұптық сында бастайды

Данилина Уимблдон жарысын жұптық сында бастайды

3 шілде күні қазақстандық теннисші Анна Данилина Уимблдон-2025 турнирінде кортқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол чехиялық Мария Боузковамен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында өнер көрсетеді.

Бірінші айналымда олардың қарсыластары – польшалық Катажина Питер мен Мысыр елінің өкілі Майяр Шериф болмақ.

Жанкүйерлер матчты сағат 15:00-де басталатын тікелей эфир арқылы көре алады.