22.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Данилина Таиландта өткен турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Хуа Хинде (Таиланд) өткен WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың финалында Данилина мен Хромачева Джудис Чонг (Гонконг) пен Маюки Учидзиманы (Жапония) 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Бұл WTA ұйымдастырған жұптық турнирлердегі Аннаның 11-ші трофейі. Бұған дейін қазақстандық теннисші қыз Гвадалахара (WTA 500), Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250), Румыния (WTA 250) турнирлерінде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ Италия мен Парижде WTA 125 санатындағы жарыста жеңіске жетті.