05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Данилина Ролан Гаррос жұптық сайысының жартылай финалына өтті

Данилина Ролан Гаррос жұптық сайысының жартылай финалына өтті

Анна Данилина мен Александра Крунич Ролан Гаррос жұптық сайысының ширек финалдық кезеңінен сәтті өтті — деп хабарлайды Shaiba.kz.

Қазақстан-серб дуэті қызу тартыста Катержина Синякова (Чехия) мен Тэйлор Таунсенд (АҚШ) жұбын жеңді — матч есебі 7:5, 4:6, 6:2 болды.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич норвегиялық-жапондық жұп Улрикке Эйкери мен Эри Ходзумимен кездеседі — қарсыластар бұған дейін румын-бельгиялық дуэтті 6:4, 6:3 есебімен жеңген.

Үлкен дулыға сериясының беделді турнирі Парижде 56 352 000 еуро жүлде қорымен өтуде.