18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Данила Карабань: ВХЛ мен Беларусь клубтарынан ұсыныстар болды, бірақ Қазақстанда өзімді жайлы сезінемін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Данила Карабань: ВХЛ мен Беларусь клубтарынан ұсыныстар болды, бірақ Қазақстанда өзімді жайлы сезінемін

Қарағандылық «Сарыарқа» клубымен келісімшартқа қол қойған шабуылшы Данила Карабань мансабын не себепті Қазақстанда жалғастыруды жөн көргенін және ВХЛ клубтарымен байланысты нұсқаларды түсіндірді.

— Плей-офф аяқталғаннан кейін біраз уақыт Ташкентте болдым. Сол кезде легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын заң қабылдануына байланысты клубтар демеуші таба алмай қалады деп ойладым. Алайда көп ұзамай бірнеше қоңырау болды, маған қызығушылық танытқан клубтар қатарында «Торпедо» мен «Қулагер» бар. Бірақ ең белсенділік танытқан — «Сарыарқа». Қарағандыда қаржылық мәселе шешілгенін білдім, сондықтан келісімшартқа қол қойдым.

ВХЛ-дан да ұсыныстар болды, бірақ бұл лигада ойнап көрдім, «жеткілікті жүріп өттім», ерекше ықылас болмады. Могилёв пен Солигорск те қызығушылық танытты, алайда әзірге оралғым келмейді. Жұбайым — Қазақстаннан, біз бұл елде өзімізді жайлы сезінеміз, — дейді шабуылшының сөзін «На банке ХОККЕЙ» YouTube-арнасы келтіреді.

Айта кетейік, Данила Карабань — 2024 жылғы Қазақстан чемпионы («Арлан» сапында). 2024/2025 маусымында Ташкенттің «Хумо» клубында өнер көрсетті.