13.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Данил Molodoy Голубенко жетістігінің сырын айтты

Данил Molodoy Голубенко жетістігінің сырын айтты

FURIA Esports құрамында Counter-Strike 2 бойынша өнер көрсететін Данил Molodoy Голубенко өз прогресінің құпиясын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, басты себеп — ойынға толық берілу және өз күшіне сенім.

Данил Molodoy Голубенко: «Мен өзімді толықтай Counter-Strike-қа арнаймын және табысқа жететініме шын сенемін. Менің прогрессімнің сыры — осы».

Бұған дейін Molodoy HLTV.org нұсқасы бойынша маусымның ең перспективалы ойыншылары рейтингінде бірінші орынға шығып, Team Falcons өкілі Максим Kyousuke Лукинді артта қалдырған еді.