28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Данил Глебов Зайнутдиновтың келуіне пікір білдірді: «Ол бізге көмектеседі»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Данил Глебов Зайнутдиновтың келуіне пікір білдірді: «Ол бізге көмектеседі»

Мәскеулік «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Данил Глебов команда құрамына қосылған Бахтиер Зайнутдиновтың трансферіне оң баға берді. Қазақстандық футболшы екі жыл Түркияда ойнағаннан кейін Ресей Премьер-Лигасына қайта оралды.

— Керемет. Ол – жақсы футболшы және жақсы жігіт. Бізге 100 пайыз көмектеседі, – деді Глебов Bookmaker-ratings.ru сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Зайнутдиновтың әмбебаптығын ерекше атап өтті:

— Баха – жан-жақты футболшы. Бірнеше позицияда ойнай алады. Сол себепті оның біреудің орнын тартып алуы туралы айту орынсыз, – деді Глебов.

Айта кетейік, Зайнутдинов бұған дейін РПЛ-де «Ростов» және ЦСКА клубтарында ойнаған. 2022/23 маусымында ЦСКА құрамында Ресей кубогын жеңіп алған болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!