31.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дана Уайт Мұхаммад Мокаевпен қайта келісімшарт жасаспайтынын мәлімдеді

UFC президенті Дана Уайт британдық экс-жеңіл салмақ (flyweight) файтері Мұхаммад Мокаевтың ұйымға қайта оралуына қызығушылық жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Мен оны UFC-де көрмеймін. Матчмейкерлер онымен жұмыс істегісі келмейді. Біз оны қайтадан келісімшартқа отырғызбаймыз. Ол еркін агент және басқа жерде чемпион бола алады», – деді Уайт Power Slap 11 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Мұхаммад Мокаев UFC-де 2022 жылдың наурызынан бастап өнер көрсетті. Алайда, 2023 жылдың шілде айында ұйым басшылығы онымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта файтер Brave CF лигасында өнер көрсетуде.

Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақ дивизионында Қазақстандық файтер Асу Алмабаев да бар. Ол қазіргі таңда өз салмақ дәрежесінде UFC рейтингінде 8-орында тұр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!