14.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дана Уайт Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегін жариялады

Дана Уайт Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегін жариялады

Дана Уайттың инстаграмындағы ақпарат бойынша, Ислам Махачев жартылай орта салмақ чемпионы Джек Делла Маддаленамен келесі жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жектің күні мен өтетін орны кейінірек жарияланады.

Ислам Махачев — UFC жеңіл дивизионының қазіргі чемпионы, екі жарым жыл бұрын Чарльз Оливейрамен жекпе-жекте титулды жеңіп алған. Осы уақыт ішінде ол дивизион рекордын орнатты — белбеуді төрт рет сәтті қорғады.

Джек Делла Маддалена UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммадты жеңгеннен кейін жартылай орта салмақтағы чемпиондық атаққа ие болды.