Оқу уақыты: 1 мин

Дан Эшворт Англия Футбол қауымдастығына оралды

Дан Эшворт Англия Футбол қауымдастығына оралды

Англияның Футбол қауымдастығы (FA) 54 жастағы Дан Эшвортты ұйымның жаңа бас футбол директоры қызметіне тағайындағанын ресми түрде хабарлады.

Эшворт бұған дейін жарты жыл бұрын «Манчестер Юнайтедтің» спорт директоры қызметінен кеткен болатын. Ол алты жылдан кейін FA-ға қайта оралып отыр. 2013–2019 жылдары қауымдастықта элиталық даму және техникалық директор қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметінде Эшворт ұлттық құрамалар стратегиясын дамыту, жергілікті жаттықтырушылар санын арттыру және Евро-2028 турниріне дайындық аясында «Сент-Джорджес Парк» орталығын қайта құру ісімен айналысады.

FA бас директоры Марк Буллингем:
«Дан — ағылшын футболына ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан, беделді әрі тәжірибелі маман».