03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді

Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының бұрынғы қорғаушысы Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дамирді Қазақстан чемпионатында «Номад» сапында көреміз бе? Шамасы, әлі де деңгейде ойнай алатындай!», – деп жазды «Golovoi_ob_led» телеграм-арнасы.

Еске салайық, Дамир Рыспаев хоккейші мансабын аяқтаған. 2020 жылдың сәуір айының соңында оның «Барыспен» келісімшарты аяқталған, ал маусым айында клуб ойыншымен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген болатын.

Әр жылдары Рыспаев «Барыс», «Беркут», «Торпедо» және «Номад» командаларында ойнаған. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады.