05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дамир Касабулат дебютінен кейінгі әсерімен бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дамир Касабулат дебютінен кейінгі әсерімен бөлісті

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дамир Касабулат Уэльске қарсы өткен (0:1) 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынынан кейін дебюттік матчы жайлы пікір білдірді.

— «Дебютке қатты қуаныштымын, бұл мен үшін үлкен абырой. Келесі матчтарда сапалырақ ойын көрсетуге тырысамыз. Ал өткен кездесуге келсек, бізге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Осындай деңгейдегі матчтарды жеңу үшін мүмкіндіктерді голға айналдыру қажет. Жалпы жаман ойнаған жоқпыз, бірақ шабуылдарды нәтижелі аяқтай алмадық», — деді Касабулат BorodAbata.kz (AS News) басылымына.

Еске салайық, 4 қыркүйекте «Астана Аренада» өткен кездесуде жалғыз голды валлийлік Киффер Мур соқты. Қазақстан құрамасы екінші таймда бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, есепті теңестіре алмады. Али Алиев шәкірттері үшін бұл — іріктеудегі үшінші жеңіліс болды.

7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Брюссельде Бельгияға қарсы ойнайды.