Оқу уақыты: 1 мин

«Даллас» тарихында алғаш рет НБА драфтының бірінші таңдауын алды

«Даллас» тарихында алғаш рет НБА драфтының бірінші таңдауын алды

НБА-ның ресми сайтының хабарлауынша, «Даллас Маверикс» драфт лотереясын күтпеген жерден жеңіп алды — клубтың жеңіске жету мүмкіндігі небәрі 1,8% болған.

Бұл техастық команда үшін тарихи оқиға — франшиза тарихында алғаш рет клуб драфтта бірінші таңдау құқығына ие болды.

«Мэвс» жанкүйерлері үшін қатты қуаныштымын. Бұл ерекше сәт болады. Далласқа оралатын сәтті асыға күтемін», — деп түсініктеме берді клубтың басқарушысы Рик Уэлтс.

НБА драфтындағы таңдау реті:

  • «Даллас»
  • «Сан-Антонио»
  • «Филадельфия»
  • «Шарлотт»
  • «Юта»
  • «Вашингтон»
  • «Нью-Орлеан»
  • «Бруклин»
  • «Торонто»
  • «Хьюстон»
  • «Портленд»
  • «Чикаго»
  • «Атланта»
  • «Сан-Антонио»