22.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Даллас Старз» овертаймда жеңіске жетіп, сериядағы есепті теңестірді

«Даллас Старз» овертаймда жеңіске жетіп, сериядағы есепті теңестірді

НХЛ-дің ресми сайты хабарлағандай, «Даллас Старз» плей-оффтың бірінші кезеңіндегі екінші матчта «Колорадо Эвеланшты» 4:3 есебімен жеңіп, сериядағы есепті 1:1-ге жеткізді.

Питер Дебур шәкірттері екінші кезеңнің соңында 2:3 есебімен ұтылып жатқанымен, үшінші кезеңнің ортасында Евгений Дадонов таразы басын теңестірді.

Матч овертаймға ұласып, 78-ші минутта Колин Блэкуэлл шешуші шайбаны салып, техастық клубқа маңызды жеңіс сыйлады.