27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Даллас Старз капитаны клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды

Даллас Старз капитаны клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды

Пьер ЛеБрюн инсайдерінің мәліметі бойынша, «Даллас Старз» капитаны әрі шабуылшысы Джейми Бенн клубпен жаңа келісімшарт жасасу шарттарын келісті.

35 жастағы хоккейшімен келісім бір маусымға жасалады — негізгі жалақысы 1 миллион доллар, ал бонустық бөлігі 3 миллион долларға жетеді. Айта кетерлігі, алдыңғы келісімшарт бойынша ойыншының жалақы төбесі 9,5 миллион долларды құраған.

Аяқталған маусымда Бенн тұрақты чемпионаттың 80 ойынына қатысып, 49 ұпай жинады — 16 шайба соғып, 33 нәтижелі пас берді. Плей-оффта шабуылшы 18 кездесу өткізіп, бір гол соғып, екі ассист жасады.