24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Еуро-2026 жолдамасы үшін өткен Италияға қарсы қарымта матч туралы пікірін айтты.

— Бүгін де, сырт алаңда да жақсы ойын өткіздік. Италия құрамасы өзінің тобындағы мықты командалардың бірі болды. Өз алаңымызда жанкүйерлеріміз алдында жеңіске жеткенімізбен, басты мақсат — жолдаманы иелене алмадық. Ойында сәттілік жетіспеді. Бірақ көңілімізді түсірмейміз. Қателігімізді сараптап, алдағы ойындарға, келесі іріктеу кезеңіне дайындықты бастаймыз. Жанкүйерлердің қолдауы жақсы сезілді. Сондықтан арқамызда қосымша жауапкершілік бар екенін түсіндік.

Айта кетейік, Еуро-2026 жолдамасы үшін өткен екі ойыннан кейін есеп (4:4) теңесіп, матч соңындағы пенальти сериясында Италия құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.