02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дәрігерлер Дидар Жалмұқанның жарақатынан айығу мерзімін айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дәрігерлер Дидар Жалмұқанның жарақатынан айығу мерзімін айтты

Қызылордалық «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан жарақатына байланысты біраз уақытке алаңға шыға алмайды. Команданың бас дәрігері Сәкен Дөңесовтің айтуынша, футболшы Мәскеуде толық тексеруден өтіп, қорытынды Астанадағы мамандармен бірге талқыланған.

«Дидардың қалпына келуі ұзаққа созылады. Қашан қатарға орала алатынын дәл айту қиын. Бәлкім, маусым соңына қарай жасыл алаңға шығуы мүмкін», — деді Дөңесов.

Осылайша Жалмұқанның нақты қайту мерзімі әзірге белгісіз, клуб ойыншының сауығу барысын бақылауда ұстайды.