30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дадонов пен Кузьменко НХЛ-дің үздік еркін агенттер тізіміне енді

Дадонов пен Кузьменко НХЛ-дің үздік еркін агенттер тізіміне енді

НХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, Евгений Дадонов пен Андрей Кузьменко 1 шілдеде келісімшарты аяқталатын лиганың он екі үздік шабуылшысының қатарына енді.

Беделді тізімге келесі хоккейшілер кірді:

  • Брок Босер (Ванкувер)
  • Евгений Дадонов (Даллас)
  • Джонатан Друэн (Колорадо)
  • Клод Жиру (Оттава)
  • Микаэль Гранлунд (Даллас)
  • Патрик Кэйн (Детройт)
  • Андрей Кузьменко (Лос-Анджелес)
  • Брэд Маршанд (Флорида)
  • Митч Марнер (Торонто)
  • Густав Нюквист (Миннесота)
  • Кори Перри (Эдмонтон)
  • Николай Элерс (Виннипег)

36 жастағы Дадонов «Даллас» сапында тұрақты чемпионатта 40 ұпай жинады, оның ішінде 20 шайба соғып, 20 нәтижелі пас берді. Плей-оффта шабуылшы төрт нәтижелі ұпайға қол жеткізді.

29 жастағы Кузьменко ағымдағы маусымда «Лос-Анджелеске» ауысып, тұрақты чемпионатта 22 ойын өткізді — оның еншісінде 5 гол мен 12 нәтижелі пас бар.