25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ЦСКА 20 жастағы аргентиналық талантты жалға алуға келісті

ЦСКА 20 жастағы аргентиналық талантты жалға алуға келісті

Журналист Сесар Луис Мерлоның мәліметінше, Мәскеулік ЦСКА «Унион Санта-Фе» клубының аргентиналық жартылай қорғаушысы Лионель Вердені жалға алу туралы келісімге келді.

Әскери клуб 20 жастағы ойыншыны бір маусымға жалға алады — келісімде футболшының құқығының 80%-ын 4 миллион долларға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Верденің «Унион Санта-Фе» негізгі құрамында 34 ойын өткізіп, 4 гол соққаны бар.