Оқу уақыты: 1 мин

CS2 жұлдызы dupreeh Астанадағы турнир туралы ойымен бөлісті

CS2 жұлдызы dupreeh Астанадағы турнир туралы ойымен бөлісті

CS2 кәсіби ойыншысы Питер «dupreeh» Расмуссен алдағы PGL Astana 2025 турнирі туралы X әлеуметтік желісінде өз ойымен бөлісті.

«Маған шынымен ұнаған және қазір сағынып жүрген нәрселердің бірі — CS турнирлері өтетін жаңа локациялар мен ірі қалалар. Әлемді зерттеу, жаңа жерлерде өнер көрсету, мұны атақты іс-шаралармен ұштастыру — ойыншы ретінде нағыз ләззат болды», — деді Расмуссен.

Киберспортшы Қазақстанда өтетін ауқымды турнирге ерекше қуанышын білдірді — PGL Astana 2025 елордада 10-18 мамыр аралығында өтеді.

Жарысқа 16 команда қатысып, $625 мың жүлде қорын сарапқа салады — жеңімпаз $200 мың алады.