Оқу уақыты: 1 мин

CS аңызы NiP құрамында Астанадағы турнирге қосалқы ойыншы ретінде оралады

CS аңызы NiP құрамында Астанадағы турнирге қосалқы ойыншы ретінде оралады

Ninjas in Pyjamas киберспорт ұйымы Патрик f0rest Линдбергті алдағы PGL Astana 2025 турниріне қосалқы ойыншы ретінде тіркегенін жариялады.

Аңызға айналған швед ойыншы NiP сапында 2012-2020 жылдар аралығында өнер көрсетті — осы уақыт ішінде команда ESL One Cologne 2014 турнирін жеңіп алып, төрт мейджордың финалына дейін жетті. NiP-тен кеткеннен кейін Линдберг Team Dignitas құрамында ойнап, бес ай бұрын кәсіби мансабын аяқтап, HLTV.org нұсқасы бойынша CS Даңқ залына енгізілді.

PGL Astana 2025 турнирі 10-18 мамыр аралығында Қазақстан астанасында өтеді — Team Spirit, Natus Vincere және Virtus.pro қатарлы 16 команда $1,25 млн жүлде қорын сарапқа салады. NiP еуропалық іріктеу арқылы жолдама алды.

Ninjas in Pyjamas құрамы PGL Astana 2025 турнирінде:

  • headtr1ck
  • REZ
  • hampus
  • Brollan
  • k0nfig
  • f0rest (қосалқы)
  • djL (жаттықтырушы)