Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Чинедудің дублі «Астанаға» маңызды жеңіс сыйлады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында «Астана» өз алаңында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді.

Кездесудің басында-ақ астаналықтар жылдам голмен есеп ашты — 2-минутта Чинеду Джеффри мергендік танытты. Бірінші таймның қосымша минуттарында нигериялық шабуылшы дубль авторы атанып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда «Атырау» ойын тізгінін қолға алып, 66-минутта Мирам Сапановтың голының арқасында бір доп қайырды. Дегенмен, «Астана» қорғанысты нығайтып, жеңісті уысынан шығармады.

Осылайша, елордалық команда турнирлік кестеде үш ұпай еншілеп, көш басындағы орындарын бекіте түсті.