Оқу уақыты: 1 мин

Чикаго Блэкхокс жаңа бас бапкерін тағайындады

Чикаго Блэкхокс жаңа бас бапкерін тағайындады

НХЛ-дің ресми сайтының хабарлауынша, «Чикаго Блэкхокстың» жаңа бас бапкері болып Джефф Блэшилл тағайындалды.

«Джефф – даму лигаларында, НХЛ-де және халықаралық аренада 25 жылдан астам тәжірибесі бар өте ақылды әрі талантты бапкер. Ол жас ойыншыларды дамытуда табысқа жетіп, оны командалық нәтижелермен ұштастыра білді – дәл осындай философия мен болашаққа көзқарас біздің бүгінгі жағдайымыз бен біз ұмтылып отырған бағытқа сәйкес келеді», – деді клубтың бас менеджері Кайл Дэвидсон.

Американдық маман 2015-2022 жылдар аралығында «Детройт Ред Уингсті» басқарды – осы уақыт ішінде команда тек бір рет плей-оффқа шықты. Оның жетекшілігімен «қызыл қанаттылар» тұрақты чемпионаттың 535 матчында 204 жеңіске жетті.

Соңғы үш маусымда Блэшилл «Тампа-Бэй Лайтнингте» Джон Купердің көмекшісі болып жұмыс істеді. «Чикаго» өткен тұрақты чемпионатта 82 ойында 61 ұпай жинап, 31-орын алды.