23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чесноков пен Бабаян маусым айының үздіктері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Чесноков пен Бабаян маусым айының үздіктері атанды

Премьер-лигадағы маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпқой клубтары арасындағы жарыстар дирекциясы үздіктерді жариялады. Бұл туралы KFF League ресми сайты хабарлады.

Маусым айының үздік ойыншысы атағы «Тобыл» шабуылшысы және Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковқа бұйырды. Ол маусымда 3 матч өткізіп, 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Жеңімпаз командалар капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды.

Ал үздік бапкер атағын «Астана» клубының тізгінін ұстаған Григорий Бабаян иеленді. Маусым айында елордалықтар оның жетекшілігімен екі жеңіс және бір тең ойын өткізген. Қазіргі уақытта «Астана» турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айында үздіктер ретінде «Кайраттан» Дастан Сатпаев пен «Астанадан» Марин Томасов танылған болатын. Ал сәуір мен мамырда бұл марапатты Сатпаев жеке иеленген еді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!