16.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпионшиптегі маусым үздіктері: үздік бапкер мен ойыншы атағына үміткерлер жарияланды

Чемпионшиптегі маусым үздіктері: үздік бапкер мен ойыншы атағына үміткерлер жарияланды

Ағылшын футбол лигасы Чемпионшиптегі 2024/25 маусымның үздік бапкері атағына үміткерлер тізімін жариялады. Қысқа тізімге турнир кестесінде жоғары орындарға таласып жүрген төрт маман енді:

  • Даниэль Фарке («Лидс»)
  • Скотт Паркер («Бернли»)
  • Крис Уайлдер («Шеффилд Юнайтед»)
  • Режи Ле Бри («Сандерленд»)

Аталған марапатты өткен маусымда «Ипсвич Таун» бапкері Киран Маккенна жеңіп алған болатын.

Ал «Маусым ойыншысы» номинациясында келесі футболшылар бақ сынайды:

  • Джеймс Траффорд — қақпашы («Бернли»)
  • Даниэль Джеймс — шабуылшы («Лидс»)
  • Густаво Хамер — жартылай қорғаушы («Шеффилд Юнайтед»)

Жеңімпаздар 27 сәуірде Лондонда өтетін Ағылшын футбол лигасының жыл сайынғы марапаттау кешінде анықталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!