Оқу уақыты: 1 мин

Чемпионшип плей-оффының жеңімпазы — 200 миллион фунт

Чемпионшип плей-оффының жеңімпазы — 200 миллион фунт

BBC Sport дерегінше, 2024/25 маусымындағы Чемпионшип плей-офф финалының жеңімпазы 200 миллион фунттан астам табыс табады — бұл турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

24 мамырда «Уэмблиде» өтетін финалда «Шеффилд Юнайтед» «Сандерленд» пен «Ковентри Сити» арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Командалар билет сатылымынан қосымша 2 миллион фунтқа жуық табыс табады.

Бұл ауқымды сома Премьер-лиганың жаңа телехабар тарату келісімшартымен байланысты — клубтар маусымына орта есеппен 83,75 миллион фунт алады. 2025/26 маусымнан бастап трансляцияланатын матчтар саны 270-ке жетеді (бұрын — 200).

Басқа дивизиондарда плей-офф жеңімпаздары айтарлықтай аз қаржы алады:

  • 1-ші Лига — 12 миллион фунт

  • 2-ші Лига — 2 миллион фунт+

Премьер-лигадан түсіп қалған клубтар үш жыл бойы «парашюттік төлем» алады:
1 жыл — табыстың 55%
2 жыл — 45%
3 жыл — 20%
Егер клуб қайтадан жоғары лигаға шықса — төлем тоқтатылады.