Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасының финалында «ПСЖ» мен «Интер» жолығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Чемпиондар лигасының финалында «ПСЖ» мен «Интер» жолығады

2024/25 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалында Францияның «ПСЖ» және Италияның «Интер» командалары кездеседі. Шешуші матч 31 мамыр күні Мюнхен қаласындағы әйгілі «Альянц Аренада» өтеді.

«Интер» өз тарихында 11-рет финалға жолдама алды. Миландықтар соңғы рет 2009/10 жылғы маусымда Жозе Моуриньюдің жетекшілігімен финалда «Баварияны» 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұл клуб тарихындағы үшінші және әзірге соңғы Чемпиондар лигасы жеңісі. Ал 2022/23 жылғы маусымда «Интер» финалда «Манчестер Ситиден» 0:1 есебімен жеңіліп, жүлдесіз қалған еді.

Париждік «ПСЖ» үшін бұл — тарихындағы екінші финал. Франция клубы алғаш рет 2019/20 жылғы маусымда финалға шыққан болатын, алайда «Баварияға» 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл жолы команда Лига чемпиондарын алғаш рет жеңіп, тарихи жетістікке жетуді көздейді.

31 мамырда өтетін финал футбол маусымының басты оқиғасы болмақ. Екі команда да тарихқа өз есімін жазып қалдыру үшін барын салмақ.