20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Чемпиондар лигасында Италиядан тек «Интер» қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Италиялық клубтар Чемпиондар лигасының 1/8 финалына  өте алмады. «Милан», «Ювентус» және «Аталанта» жарыстан шығып қалды, ал Италияның соңғы үміті – «Интер».

«Милан» плей-офф кезеңінде «Фейеноордқа» жол берді. Алғашқы матчта 0:1 есебімен жеңіліп, жауап кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже «россонерилерге» жарысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

«Ювентус» «ПСВ»-ға қарсы ойындарда жеңіліп, күтпеген жерден жарыстан шықты. Бірінші матчта 1:2 есебімен жеңілген туриндік клуб жауап кездесуінде 3:1 есебімен есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады.

«Аталанта» да өз мүмкіндігін жіберіп алды. «Брюггеге» алғашқы матчта 2:1 есебімен жеңіліп, жауап ойында 1:3 есебімен жеңілді де жарысты аяқтады.