06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

Чемпиондар лигасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

УЕФА мен Суперлига 2027 жылдан бастап Чемпиондар лигасының форматы мен матчтарды тарату жүйесін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

COPE басылымының мәліметінше, реформаны әзірлеу бойынша талқылауларға сегіз айдан астам уақыт болғанымен, нақты шешім әзірге қабылданған жоқ. Дегенмен, жаңа форматтың негізгі бағыты айқындала бастады.

Жаңа жүйе бойынша турнир бұрынғы Champions League атауын сақтап, 36 клубты қамтиды. Бірақ дәстүрлі топтық кезеңнің орнына командалар екі топқа бөлінеді:

•    I топ: УЕФА рейтингіндегі үздік 18 клуб;

•    II топ: қалған 18 команда.

Әр команда сегіз ойын өткізеді: төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда, бірақ тек өз тобының өкілдерімен. Ұлттық чемпионаттар арқылы іріктеу жүйесі сақталады. Бірінші топтағы үздік сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады, ал қалғандары 1/16 финал арқылы бақ сынайды. Мұндай тәсіл топтық кезеңдегі жарыстың сапасын арттырып, аутсайдерлер арасындағы қызықсыз кездесулердің санын азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, УЕФА дәстүрлі телеарналар арқылы трансляциялаудан бас тартып, Чемпиондар лигасына арналған жеке стримингтік платформа (яғни Netflix үлгісіндегі қызмет) іске қосуды қарастыруда. Бұл арқылы көрермендерге матчтарды қолжетімді бағамен көруге мүмкіндік беріп, клубтардың табысын арттыруға жол ашуды жоспарлап отыр.