09.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші кезеңде басымдық негізінен грекиялық футболшылар қолында болды. Олар жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты тойтарыс берді. Ұрымтал сәттерде өздері алға қарай ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Екінші кезеңде екі команда толассыз шабуылға иек артты. Ойынның 73-минутында грекиялық клубтан Желсон Мартинш соққан гол «Олимпиакосқа» жеңіс алып келді.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 0:1 еесбімен есе жіберді.

Енді қазақстандық алдағы ойынын 20 қаңтарда елордада «Брюгге» (Бельгия) командасын қабылдаса, 28 қаңтарда сырт алаңда «Арсенал» (Англия) клубымен шеберлік байқасады.

Алматылық команда Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде бір ұпаймен 35-орында келеді. Аталған турнирде «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» 1:4, испаниялық «Реал Мадридтен» 0:5, италиялық «Интерден» 1:2, даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал кипрлік «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.