21.01.2025
Оқу уақыты: 4 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Чемпиондар лигасы оралды! Жетінші тур ойындары өтеді

Жаңа форматта өтіп жатқан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі қаңтарда қайта оралады. Бұрын ақпанда плей-офф кезеңі өтетін. Кезекті ойын күні әдеттегідей екі түрлі уақытта – Қазақстан уақыты бойынша 21 қаңтар 23:45-те және 21-нен 22 қаңтарға қараған түні 01:00-де. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Монако» – «Астон Вилла»

«Монако» қыркүйекте Чемпиондар лигасын жақсы бастады, бірінші турда «Барселонаны» жеңді. Алайда осыдан кейін француздар екі рет қана жеңіске жетті – «Црвена Звезда» (5:1) және «Болоньяны» (1:0). Загребтің «Динамосымен» ойын тең ойнап (2:2), «Арсенал» мен «Бенфикадан» жеңілді (тиісінше 0:3 және 2:3). «Монако» қазір турнирлік кестеде 16-орында тұр. Чемпиондар лигасының үзіліс кезінде «Монако» нашар өнер көрсетті, жеті ойында бір ғана жеңіске жетті. «Монако» «Реймстен» ұтылып, Франция кубогынан  шығып қалды. Ади Хюттер шәкірттері ПСЖ-ға қарсы матчта Франция суперкубогынан айырылды. Лига 1-де «Монако» екі айда бір ғана жеңіске жетті, бұл клубтың позициясын айтарлықтай әлсіретіп жіберді. Мұндай сүреңсіз нәтиже команданың еурокубоктың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін қиындата түседі. «Монако» шабуыл мәселесін шешуге тырысып жатыр, қысқы трансферлік кезеңде «Штурм» шабуылшы Мика Биретті сатып алды. Алда күнтізбеде «Интерге» қарсы өте қиын ойын күтіп тұрғанын ескерсек, «Астон Вилламен» матчта ұпай алу ауадай қажет.

Ал «Астон Вилла» плей-офф кезеңіне шығуға өте жақын тұр. Команда қазір жалпы есепте бесінші орынға жайғасқан, бұл оларға 1/8 финалға тікелей өтуге мүмкіндік береді. 9-24 орын алған командалар Чемпиондар лигасын 1/16 финалдан жалғастырады. Соңғы турда Эмери шәкірттері «Селтикпен» ойнайды. «Астон Вилла» биылғы Чемпиондар лигасында «Брюгеден» ғана жеңілді. Бірақ ол кезде команда дағдарыс кезінде болған. Ал қазір команда көш түзеп алды, Премьер-лиганың еурокубоктар аймағындағы орын үшін күресін жалғастырып жатыр, өткен турда «Арсеналмен» тең ойнады. Команда қысқы трансфер кезеңінде Голландия құрамасының шабуылшысы Дониелл Маленді қатарға қосты.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Монаконың» жеңісіне – 2.60, «Астон Вилланың» жеңісі – 2.64, ал тең ойын – 3.52.

«Атлетико» – «Байер»

«Атлетико» 31 қазаннан бастап, 18 қаңтарда «Леганеске» қарсы Ла лига матчына дейін 15 ойынға созылған жеңісті серияға ие болды. Маусымның сәтсіз басталғанына қарамастан, «Атлетико» қазір Испания чемпионы атануға таласып жатыр. Чемпиондар лигасында да мадридтік команда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр – жалпы есепте 11-орын тұр. Олардың күнтізбеде жолы болды деуге негіз бар – Чемпиондар лигасында алдымен «РБ Лейпцигті» жеңді, кейін төменгі класс саналатын «Спарта» мен «Слованды» ұтты. Олар сондай-ақ ПСЖ-ны сүріндірді. «Матрацшылар» қазан айында «Бенфика» мен «Лилльмен» өткен ойындарда ғана ұпай жоғалтты. Бүгін «Байермен» кездеседі, ал соңғы турда Зальцбургке қонаққа барады. Мадридтік клубтың плей-офф кезеңіне өтетініне күмән жоқ. Тек нешінші орынмен шығары белгісіз.

«Байердің» де жағдайы жаман емес. Хаби Алонсо шәкірттері қатарынан 12 ойында жеңіске жетті. Бундеслигада көш басындағы «Бавариядан» небәрі 4 ұпай қалып тұр. Чемпиондар лигасында леверкузендіктер екі рет қана ұпай жоғалтты – «Бетиспен» тең түсіп (1:1) және «Ливерпульден» жеңілді (0:4). Сонымен бірге «Байер» бұл жарыста «Интерді» жеңген жалғыз команда атанып отыр. Леверкузендіктер қысқы трансферлік терезеде ешкімді сатып алған жоқ, команда көшбасшылары бабында, 1/8 финалға жолдама алудан үмітті.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Атлетиконың» жеңісіне – 2.54, «Байердің» жеңісі – 3.02, ал тең ойын – 3.32.

«Бенфика» – «Барселона»

Португалиялық команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Реала», «Манчестер Сити», «ПСЖ» сияқты мықтылардан жоғары, 15-орында тұр. «Бенфика» биылғы еурокубок маусымында «Фейеноорд» пен «Бавариядан» жеңіліп, Болоньямен тең түсті. Клубтың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі жоғары, бірақ олар соңғы турларда «Барселонамен» ғана емес, «Ювентуспен» кездеседі.

«Барселона» Испания суперкубогының финалындағы Эль-Класикода ірі есеппен жеңіске жетті. Бірақ өткен демалыста «Хетафемен» тең түсіп, Ла лигада «Реалдан» жеті ұпай артта қалды. Команда ішкі біріншілікте де, Чемпиондар лигасында да соққан голдары бойынша көш бастап келеді. Флик шәкірттері «Монакоға» қарсы алғашқы матчта жеңілгеннен кейін сәтті өнер көрсетіп жүр, турнирлік кестедеекінші орында тұр. «Барселона» 1/8 финалға тікелей өтуді көздеп отыр, сондықтан олар бүгін «Бенфиканы», соңғы турда «Аталантаны» жеңуі керек.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Бенфиканың» жеңісіне – 3.22, «Барселонаның» жеңісі – 2.05, ал тең ойын – 4.00.

Сондай-ақ, мына матчтарға бәс тігуге болады: «Аталанта» (1.21) – «Штурм» (12.50), «Болонья» (3.36) – «Боруссия» Дортмунд (2.14), «Брюгге» (3.28) – «Ювентус» (2.30), «Ливерпуль» (1.27) – «Лилль» (9.80), «Слован» (11.50) – «Штутгарт» (1.24), «Црвена Звезда» (4.25) – ПСВ (1.71).

Tennisi.kz сайтында сонымен қатар кең эксклюзивті желі бар, онда мынадай бәстер берілген:

«Реал», «ПСЖ» немесе «Манчестер Сити» плей-офф кезеңіне шықпайды дегенге – 2.55, «Барселона» биыл требл жасайды дегенге – 60.00, франциялық клуб еурокубок турнирінде (ЧЛ, ЕЛ, КЛ) топ жарады дегенге – 10.00.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.