10.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы атағына төрт футболшы үміткер

Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы атағына төрт футболшы үміткер

УЕФА ресми сайтының хабарлауынша, Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойындардан кейін аптаның үздік ойыншысы атағына төрт футболшы үміткер болды. Олардың көрсеткіштері Еуропалық футбол қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды.

Үміткерлер тізімі:

  • Хвича Кварацхелия (ПСЖ) — «Астон Вилла» қақпасына гол соқты
  • Алессандро Бастони («Интер») — «Баварияға» қарсы матчта сенімді ойын көрсетті
  • Деклан Райс («Арсенал») — «Реал Мадрид» қақпасына айып добынан екі гол соқты
  • Роберт Левандовски («Барселона») — «Боруссия Дортмунд» қақпасына дубль жасады

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады. УЕФА дауыс беруді ресми сайтта өткізуде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!