11.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды

УЕФА баспасөз қызметі Чемпиондар лигасы аптаның үздік ойыншысына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайдыProsports.kz.

Олар «Аякстың» шабуылшысы Оскар Глух, «Аталанта» жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе, «Арсеналдың» вингері Нони Мадуэке және «Барселонаның» қорғаушысы Жюль Кунде болды.

Глух «Қайратты» 4:2 есебімен жеңген кезде дубль жасады, де Кетеларе «Челсиді» 2:1 есебімен жеңген кезде бір гол мен нәтижелі пас берді, Мадуэке «Брюггемен» (3:0)матчта дубль жасады, Кунде «Айнтрахт» (2:1) қақпасына екі рет гол соқты.