09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челсидің» жаңа 10 нөмірі белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Челсидің» жаңа 10 нөмірі белгілі болды

Лондондық «Челси» 2025/26 маусымына арналған ойыншылар нөмірлерінің тізімін жариялады. Тізімнен допинг ережесін бұзғаны үшін футболдан шеттетілген украиналық вингер Михаил Мудриктің есімі алынып тасталған.

Оның бұрынғы 10-нөмірі енді шабуылшы Коул Палмерге берілді. Дегенмен, бұған дейін АПЛ жариялаған «Челси» өтінімінде Мудрик әлі де тізімде болған.

Бұған қоса, клуб футболшының кінәсі дәлелденген жағдайда келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін одан қаржылай өтемақы талап ету мақсатында сотқа жүгіну мүмкіндігін қарастырып отыр.

«Челси» жаңа маусымдағы алғашқы матчын 17 тамыз күні өз алаңында «Кристал Пэласқа» қарсы өткізеді.