01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» жас шабуылшыны «Сандерлендтен» мерзімінен бұрын қайтарады

«Челси» жас шабуылшыны «Сандерлендтен» мерзімінен бұрын қайтарады

Журналист Мэтт Лоудың мәліметінше, «Челси» Марк Гиуді лондондық клубқа мерзімінен бұрын қайтару туралы «Сандерлендпен» келісімге келді.

19 жастағы шабуылшы тамыз айының басында Чемпионшип клубына жалға берілген еді — оның «Сандерлендтегі» мерзімі бір айға да жетпеді.