14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Челси» жас португалиялық Геовани Куэнданы сатып алады

Лондондық «Челси» «Спортинг» клубының жас қанатшысы Геовани Куэнданы сатып алу бойынша келісімге келді. Дереккөздерге сүйенсек, трансфер құны шамамен 40 миллион фунт стерлингті құрайды.

17 жастағы португалиялық футболшы «көктермен» жеті жылдық келісімшартқа қол қояды, оған қосымша бір жылдық ұзарту мүмкіндігі бар. Дегенмен, ол 2026 жылға дейін «Спортинг» сапында ойнауын жалғастырады.

«Челси» Куэнданың әмбебап ойынын жоғары бағалап отыр — ол шабуылдың екі қанатында да өнер көрсете алады және қорғаушыларды алдап өтуде шеберлігімен ерекшеленеді. Ағымдағы маусымда ол «Спортинг» негізгі құрамында 43 матч өткізіп, 2 гол мен 8 нәтижелі пас жасады.

Бұған дейін Куэндаға оның бұрынғы бапкері Рубен Аморим жаттықтыратын «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытқаны айтылған болатын.