02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» трансферлерден түскен табыс бойынша АПЛ рекордын жаңартады

«Челси» трансферлерден түскен табыс бойынша АПЛ рекордын жаңартады

BBC мәліметінше, «Челси» бір трансферлік терезеде ойыншыларды сатудан түскен табыс бойынша Ағылшын Премьер-лигасының тарихи рекордын орнатуға дайындалуда — жалпы сома 300 миллион фунт стерлингтен асады.

Айта кетерлігі, алдыңғы рекорд та лондондық клубқа тиесілі болған — шамамен екі жыл бұрын «Челси» ойыншыларды сатудан 215,9 миллион фунт табыс тапқан.

Ең ірі трансферлік табыстардың бестігіне мыналар кіреді:

  • «Борнмут» — 198 миллион фунт (2025)
  • «Ливерпуль» — 193,7 миллион фунт (2025)
  • «Манчестер Сити» — 178,9 миллион фунт (2022)